Қостанай облысында екі ер адам отырған жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар арнайы техника көмегімен көлікті қар үйіндісінен шығарып, балықшыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға қыс мезгілінде қала сыртына шыққанда өте сақ болу қажеттігін тағы бір еске салды. Ауа райы болжамын алдын ала білу, өзіңізбен бірге жылы киім, жанармай қоры және байланыс үшін зарядталған телефон болуы маңызды.