Қостанай облысында Арқалық пен екі ауданда төтенше жағдай енгізілді

28 Наурыз, 13:13 671

Қостанай облысының бірқатар ауданы су астында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірде құтқару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазір облыстағы бір қала мен екі ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы 28 наурыз күні Қостанай облыстық ТЖД мәлімдеді.

Қостанай облысы Арқалық қаласы, Амангелді және Жанкелді аудандарында төтенше жағдай енгізілді, - делінген мәліметте.

Бұған дейін Арқалыққа қарасты Екідің, Әбдіғаппар хан ауылдарының халқы қауіпсіз жерге шығарылғаны туралы жазған едік.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: