Қостанай облысында алкоголь дайындайтын жасырын цех анықталды

22 Қараша 2022, 13:53 1541

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Қостанай облысында алкоголь өнімдерін дайындайтын жерасты цехын жою бойынша арнайы операция жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

21 қарашада Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласындағы Жамбыл көшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Полиция қызметкерлері 150-ден астам алкоголь өнімі салынған екі ГАЗель автокөлігін ұстады. Әрі қарай Қостанай қаласындағы Титов көшесінің бойында жеке үйде полицейлер тексеру жүргізген кезде алкоголь өнімдерін шығаратын цех анықталды. Үйде 400 литр спорт, алкоголь құюға арналған 2,5 мыңнан астам бос бөтелке табылды.

Сонымен қатар бес мыңнан астам қақпақ, үш спирт өлшегіш және сұйылтылған спирті бар сыйымдылығы 450 литр ыдыс, өлшеуіш колба және басқа да жабдықтар дайындалған.

– Қазіргі уақытта аталған факті тіркелді және процессуалдық қабылдау үшін Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Айта кету керек, ауыр қылмыстардың көпшілігі мас күйінде жасалады. Сондықтан ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жаңадан құрылған бөлімшенің жұмысындағы басым бағыттардың бірі осы саладағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл болып табылады, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

EL.KZ
Бөлісу: