Қостанай облысында әкім өз еркімен қызметінен кетті

25 Сәуір 2023, 19:33 887

Тобыл қаласының әкімі Әділ Өміртаев өз еркімен қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әділ Маратұлы Өміртаев өз еркімен отставкаға кетті. Иә, біз ақпаратты растаймыз, - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Әділ Өміртаев 2004 жылы Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Қамысты аудандық қаржы басқармасының есеп және есеп беру бөлімінің маманы ретінде бастаған.

Тобыл қаласының әкімі қызметін 2017 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келген. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: