Қостанай облысының автожолында отыз көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының 8 ақпанда болғанын мәлімдеді. Қарлы боранның салдарынан жол мүлдем көрінбеген.
Барлығы 10 республикалық және 17 облыстық жол жабылды. Жабық учаскелерде 400-ге жуық көлік болған. Кеше облыс бойынша 30 көлік соқтығысты. Адам шығыны жоқ, - дейді ведомство.
420-дан астам полиция қызметкерлері автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге көмек көрсеткен.