Қостанай облысында 212 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

26 Шілде, 12:52 379

Қостанай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы тексеру барысында 2011 жылы «Сильвер СК» ЖШС-не Қамысты ауданының аумағында 212 мың гектар алқапты аңшылық шаруашылығын жүргізуге құқық бергені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысының прокуратурасының мәліметінше, Жоғарғы соттың 2022 жылғы 22 қарашадағы шешімімен «Сильвер СК» ЖШС банкрот деп танылған және толыққанды қорықшылық қызметті ұйымдастыру үшін ресурстары болмаған. Алайда уәкілетті орган тарапынан жерді мемлекет қарамағына қайтару жөнінде шаралар қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт бұзылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: