Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды

Бүгiн, 09:12 180

Бүгін түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді.

Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында ТЖМ күштері қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды.

Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: