19 жастағы жігіт қала көшелерінде «киімсіз марафон» ұйымдастырған. Оның әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әрине, полиция бұл әрекетті назардан тыс қалдырған жоқ. Медициналық тексеріс нәтижесінде ұсталған азаматтың седативті заттар қолданғаны анықталды, — деп жазылған polisia.kz хабарламасында.
Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.