Қостанай ауданы мен Рудныйда 7,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды

8 Сәуір, 01:08 652

Қостанай облысында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, Қостанай ауданы мен Рудныйда 7,5 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде 44 бала бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуовтың айтуынша, су тасқынына байланысты өңірде жағдай тұрақты қауіпті.

Бүгінгі таңда төтенше жағдай 6 елдімекенде жарияланды. Олардың ішінде Қостанай мен Рудный қаласы бар. Өйткені Тобыл өзені көтеріліп, ондағы үйлерді су басу қаупі бар. 

Жеке құрам мен сырттан келген волонтерлар, әскерилер, полиция департаментінен 2700 – ден астам адам қызмет етуде. 443 техника, 144 су сорғыш заттар бар. Қостанай облысына Қызылорда облысынан, Қарағанды облысынан, Астана қаласынан 285 адам, 21 техника көмекке келді. Құтқару жұмыстары жалғасуда,-деді аймақ басшысының орынбасары ОҚК алаңында өткен брифингте.

Айта кетейік, Қостанай облысында 328 үй және 406 аула аумағы су астында қалды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: