Ақмола облысы Қосшы қаласында балалар автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше "Ивеко" маркалы маршруттық автобус пен балалар мінген "Тойота" маркалы шағын автобус соқтығысқан. Кейін "Тойота" шағын автобусы аялдамаға соғылған.
Шағын автобуста 10 бала болған. Олардың бесеуі Астанадағы қалалық ауруханасына жеткізілген.
Барлық пациенттерді кезекші мамандар: реаниматолог, нейрохирург, травматолог, хирург қарады. Сондай-ақ рентгенографияны, КТ және ультрадыбысты қоса алғанда, кешенді тексеруден өтті, - дейді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Ведомствоның мәліметінше, төрт бала қажетті көмек алып, амбулаториялық емделуге жіберілген.
Бір бала жансақтау бөліміне жатқызылды.Зардап шеккендердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында, - дейді басқарма.
Оқиға бойынша тергеу басталды.