Қосшыда үшауысымды мектептер мәселесі қалай шешіліп жатыр?

28 Қазан 2022, 16:53 1721

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының мектептерін аралады

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жаңа мектептердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz

"Қосшыдағы үшауысымды мектептер мәселесі қалай шешіліп жатқанын, жаңа мектептердің құрылыс жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын қарадым. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынатын жаңа мектептердің қайда орналасатынын қарап шықтым. Қазір Талапкер ауылындағы мектепке және басқа да елді мекендерге баруды жоспарлап отырмын. Онда «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жаңа мектептер салынады. Президенттің тапсырмасы бойынша дайындалған жобаның арқасында оқушы орындарының тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі", деп жазды министр желідегі парақшасында.

EL.KZ
Бөлісу: