Қосшыда тұрғын үйдің отын жағу бөлмесі өртенді

22 Маусым, 00:10 535

Қосшыдағы Тайтөбе ауылында жеке тұрғын үйдің отын жағу бөлмесі жанып кетті. Қызыл жалын шатырға өткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

101 қызметіне өрт туралы хабарлама 21 маусымда сағат 21.40-те түскен.

Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 7 құтқарушы және 2 техникасы және Астана ТЖД жеке құрамынан 9 құтқарушы және 2 техникасы жетті.

Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. 

Қызыл жалын сағат 22.30-те оқшауланып, сағат 23.09-де толығымен сөндірілді.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда мамандар өрттің шығу себебі анықтап жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: