Қосшыда мектеп жанынан студенттің денесі табылды

16 Шілде, 16:48 1909

Қайғылы оқиға Қосшыда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Белгілі болғандай, колледж студентінің денесі 15 шілдеде табылған. Тұрғындардың айтуынша, жасөспірім жекеменшік мектептен шамамен 60 метр қашықтықта орналасқан ферма ғимаратындағы металл құрылымға асылып қалған.

Полиция оның мұндай қадамға неге барғанын анықтауда. Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 17 жастағы жігіт – Астана тұрғаны, бірақ өзі Көкшетауда білім алады екен.

Тергеу басталды. Қазір полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, – делінген ПД мәліметінде.

Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелді.

Прокурорлар жас жігіттің 14 шілде күні кешке суицид жасағанын алға тартады. Ал полицияға қоңырау 15 шілдеге ауған түні хабарланған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: