Қосшыда көпқабатты үйдегі өрт кезінде 6 адам терезеден арқанмен түсуге мәжбүр болды

16 Шілде 2023, 13:52 1036
Ақмола облысында полиция қызметкерлері өрт құрсауында қалған алты адам аман алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Кеше кешкі сағат 22:14 кезінде Қосшы қаласының полиция бөліміне "Нұрай" ТК көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шықты. 

Осы уақытқа дейін өрт тұрғын үйдің 4 қабатын шарпып, көрші ғимараттарға таралуы мүмкін болған. Куәгерлердің айтуынша, жанып жатқан пәтерде адамдар болып, олардың үшеуі кәмелетке толмаған балалар екені анықталған. Тұрғындарда баспалдақпен түсуге мүмкіндігі болмады, себебі ол жақ тұтастай өрт құшағында болған.

Сол жерде үшінші қабатқа арқанның көмегімен өрт тұзағына түскен адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды.
 
Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың жедел әрекеттерінің арқасында өрттен 3, 10, 11 жастағы кәмелетке толмағандар, 18 жастағы қыз, 29 жастағы әйел және 50 жастағы ер адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнында ТЖБ жеке құрамы да келді.
Өрттің салдарынан зардап шеккендер Астана қ. қалалық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді. Қазіргі кезде 3 подъезд тұрғындары толық эвакуланды, орындаушы органдармен 10 тұрғын қонақ үйге орналастырылды, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.
Асқар Таудай
Бөлісу: