Қосшыда екі бала құтқарылды

31 Тамыз, 17:39 702

Қосшы қаласында ТЖМ қызметкерлері екі баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға қалалық көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған 2021 және 2023 жылдары туған балақайлар есіктің жабылуына байланысты пәтерде қамалып қалған.

Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен екінші қабаттағы пәтердің терезесіне кірді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекеттерінің нәтижесінде сәбилер ата-аналарына аман-есен берілді. Балалар зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: