Қосшыда дәрігерлер науқастарды қобызбен емдей бастады

14 Қыркүйек 2023, 12:45 925

Ақмола облысының дәрігерлері науқастарды емдеу үшін қобыз үнін қолдана бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қосшы қалалық емханасының мамандары психологиялық көмек аясында «Қобыз терапиясын» іске қосты. Мамандардың айтуынша, ұлттық аспаппен ойнаған әуендер жанға жайлылық сыйлап, күйзелістен шығуға көмектеседі.

№1 Қосшы қалалық емханасының психологы Балжан Қанапияеваның айтуынша, терапиядан өткен науқастардың жағдайы жақсарған.

Қобыз терапиясының пайдалы тұсы. Бұл 18 жастан асқан ересектерге ғана қолданылады. Яғни психикалық жүйке жүйесі ауыр науқастарға қолдануға болмайды. Бірінші эндокриндік ауруларға, гинекологиялық ауруларға, инфаркт ауруларына және созылмалы ауруларға қолдануға болады. Медицицналық мекемеде 10 адам қобыз терапиясынан өткен.  Ем алғандардың қазіргі жағдайы жақсы дейді мамандар. Психологтың айтуынша, қобыздың қоңыр үні күйзелісте жүрген талай жанға шипа болды,  - деді ол "Хабар 24" арнасына берген сұхбатта.

Қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Бишораева терапияда қандай әуендер қосылатынын айтты.

«Қобыз терапиясы» музыкалық терапияның бір бөлігі. Біз мұнда қазақ халқынық ұлттық колоритіне сай әйуендерді  пайдаланамыз. Психологиялық көмек аясында жүргізілетін бұл әдіс аутагендік  жаттығуларға жатады. Бізде «Қобыз терапиясы» биыл сәуір айынан бастап жекелеген жағдайларда қолданылады және нәтижесі жақсы, - дейді дәрігер.

Алдағы уақытта емхана мамандары 60 жастан асқандарға топтық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Күндізгі стационарда ата әжелерге арнап тренингтер мен ойындар ұйымдастыруды көздейді. Бұл альцгеймер ауруының алдын алу аясында жүргізілмек.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: