Қосшыда әйелімен ұрысқан ер адам өз-өзін өртемек болды

17 Қазан, 15:04 871

Қосшыда ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің қайғылы жағдайға душар ете жаздады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәмханада әйелімен жанжалдасқан ер адам суицид жасамақ болды.

Ол қала кафелерінің бірінде есікті жауып алып, көрпені өртей бастады. Шақыру орнына Ақмола облысының құтқарушылары, сондай-ақ Полиция департаментінің қызметкерлері келді. Олар есікті ашып, адамды таза ауаға шығарды. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - деп делінген ТЖД мәліметінде.

Ер адамға алғашқы көмек көрсетіліп, дәрігерлерге тапсырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: