Қосшы қаласында 67 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көптен күткен жайлы пәтерлерді қала әкімдігі әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін сатып алған.
Салтанатты іс-шара барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыстап, оларды маңызды оқиғамен құттықтады.
Бүгін жас, әрі гүлденіп келе жатқан Қосшы қаласында 67 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Өз баспанасына қол жеткізу – әрбір адам мен отбасы үшін үлкен мереке. Бұл қуаныш тек осы отбасылар үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды оқиға, – деп атап өтті облыс әкімі.
Айта кетейік, жақында ғана облыс орталығында 48 отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталған болатын.