Қосшыда 6 жасар бала терезеден құлады

16 Шілде, 14:05 579

Алты жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған.

Кішкентай бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ ата-аналардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;

Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: