Қошанов алдағы жылы Мәжіліс алдында тұрған міндетті атады

30 Желтоқсан 2022, 12:31 1591

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 2023 жылы Мәжіліс алдында тұрған міндетті атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы төраға Мәжілістің қорытынды жалпы отырысында айтты.

Келер жылы біздің алдымызда бұдан да маңызды міндеттер тұр. Парламент Мәжілісі өз жұмысын жаңа конституциялық жағдайда бастайын деп отыр, - деді ол.

Айтуынша, Мәжіліс заңдарды дербес қабылдайтын болады. Сонымен қатар 2023 жылы Мәжіліс сайлауы өтеді. 

Бұл бізге тікелей қатысты. Ашық бәсекелестік күресте біз азаматтардың қолдауына ие болуымыз керек. Сондықтан қарқынымызды бәсеңдетпей, белсенді түрде жұмыс істеуді жалғастыру маңызды, - деді Ерлан Қошанов.

Палата спикері әріптестеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарғандары үшін алғыс айтты.

Мәжіліске жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғандарыңыз үшін баршаңызға зор ризашылық білдіремін. Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Жеке бастарыңызға амандық пен зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! 2023 жыл еліміз үшін жаңа жетістіктер мен табыстарға толы болсын! – деп сөзін қорытындылады Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

EL.KZ
Бөлісу: