Қорық аумағында балық аулаған ақмолалық тұрғын ұсталды

22 Қазан 2022, 20:07 1829

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Ақмола полицейлері мемлекеттік қорық аумағында балық аулаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz

21 қазанда Қорғалжын мемлекеттік қорығының аумағында Есей көлінің маңында 22 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mitsubishi автокөлігі тоқтатылды.

Автокөліктің багажын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2 қап балық пен 2 резеңке қайық тауып алды.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің "Балық ресурстарын заңсыз өндіру" бабы бойынша тіркеді, тексеру жүргізілуде.

Бөлісу: