«Қорқыныш жоқ, қашпаймын». Ақмарал Әлназарова өзіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін айтты

8 Ақпан, 12:00 1283

Жақында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназарова өте жауапты қызметке келгенін, халықтан қолдау күтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқи отырыңыз:

Министрдің креслосы өте жауапты. Біріншіден, ол президенттің үлкен сенімі. Екіншіден, халықтың күтіп отырған үлкен нәтижесі. Сондықтан осы екі үлкен мәселе маған жауапкершілік жүктейді. Айтарлықтай қорқыныш жоқ. Бұл жерде жұмыс істеу керек. Өздеріңізден қолдау күтеміз. Қашпаймын, - деді министр.

Айта кетейік, Ақмарал Әлназарова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған болатын.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: