«Қорғас» халықаралық орталығының акциялары Жетісу облысының әкімдігіне берілді

10 Мамыр 2023, 13:18 1092

Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аумақтарында орналасқан «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы Жетісу облысының әкімдігіне берілді,

Бұған дейін аталған сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ туризмді дамыту кешенінің акциялары республикалық меншікке тиесілі болып келген. Енді үкімет тиісті қаулы шығарды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АЭА басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне 100% мөлшерінде берілсін, – делінген қаулыда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: