Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары 9 адамды құтқарды

17 Сәуір, 17:22 788

Ырғыз ауданында Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары су тасқынынан зардап шеккен 9 адамды құтқардыОлар интернет пен телефон байланысы жоқ, мұнарада болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті адамдар көлігімен ең жақын ауылға жетуге тырысқанмен ол суға батып кеткен. Балалармен, қолындағы үш айлық нәрестесімен олар әупірімдеп мұнараға жеткен. Отбасы Ырғыз ауданының жергілікті мектебіне орналастырылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: