Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт болды

29 Қазан 2022, 14:39 1884

Ғимараттағы бөлмеде кеңсе жиһазы өртенген

Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды El.kz.

Төтенше жағдайдың видеосы Ustanovka 98 telegram арнасында жарияланды.

"Шақыру келіп түсті, қазіргі уақытта бөлімшелер оқиға орнында. Қазірдің өзінде өрт оқшауланып үлгерді, толығырақ ақпарат сәл кейінірек беріледі", - деді Руслан Иманқұлов

Сәлден кейін ҚР ТЖМ баспасөз хатшысы ғимараттағы бөлмеде кеңсе жиһазының өртенгенін, қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпығанын нақтылады.

"Сағат 13:42-де өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталу үстінде", - деді Руслан Иманқұлов

21 қыркүйекте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елімізде орын алған жаппай өрттің салдарынан отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

EL.KZ
Бөлісу: