Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы ұсталды

23 Қаңтар 2023, 10:21 1548

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 

Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде. Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген Антикор таратқан ақпаратта.

EL.KZ
Бөлісу: