Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Жапония әскери-дипломатиялық корпусының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Өз миссиясының аяқталуына байланысты полковник Тадаси Савари Жапонияның Қазақстандағы жаңа әскери атташесі полковник Хироаки Фунатаны таныстырды.
Кездесу барысында тараптар әскери медицина, білім беру және бітімгерлік қызмет саласындағы қатынастардың жанданғанын атап өтті.
Полковник Олжас Құсайынов бұрынғы әскери атташеге әскери ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да артатынына сенім білдірді.