Қорғаныс министрлігінде Франция делегациясымен кездесу өтті

16 Қазан, 19:02 471

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев Францияның Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Александр Эскорсиамен қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі ел өкілдерінің назары бітімгерлік және білім беру салаларындағы екіжақты қатынастар төңірегінде болды. Атап айтқанда, бітімгерлік контингенттерді даярлауды жетілдіру және осы саладағы өзара іс-әрекетті кеңейту сөз болды. 

Тараптар бұл бағыттағы бірлескен күш-жігер халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдауға ықпал ететінін атап өтті.

Одан бөлек бір күн бұрын Алматыда француз делегациясы Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында және «Бітімгер» оқу-жаттығу орталығында болғанын атап өткен жөн. Қонақтар мекеменің қызметімен, инфрақұрылымымен және даму перспективаларымен танысты.

Зарина Арман
Бөлісу: