Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады

23 Қараша, 10:55 457

2024 жылғы 23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды, - делінген ақпаратта.

Министрліктің мәліметінше, іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: