Қорғаныс министрлігі әскери каскаларға қатысты тараған видеоға түсінік берді

16 Қараша 2022, 14:23 2715

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қорғаныс министрлігі әскери каскаларды металл қалдықтарына тапсырылғаны туралы видеоға түсінік берді, деп хабарлайды El.kz.  Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

«Әлеуметтік желіде тараған видеодағы әскери каскалар Қорғаныс министрлігіне тиесілі емес. Ведомствода тексеріс жүргізілді. Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде әскери мүлікті жымқыру және жоғалту фактілері орын алған жоқ», - делінген хабарламада.
EL.KZ
Бөлісу: