Қор нарығында доллар қымбаттады

12 Маусым 2023, 16:42 553

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,66 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 447, 32 теңге. Ұлттық банктің 12 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 62 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,40 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 449,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446 теңге, сатып алу құны– 450 теңге. Ресей рублі 5, 29 - 5, 53 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: