Қор нарығында доллар қымбаттады

7 Наурыз 2023, 16:48 1036

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,14 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 438, 57 теңге.

Ұлттық банктің 7 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 432, 83 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,75 теңге.

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 438 теңге, сатып алу – 442 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 439,6 теңгеден болса, сатып алу құны – 442,6 теңге.

Ресей рублі 5,65 - 5, 9 теңге аралығында саудаланып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: