Қор нарығында доллар қымбаттады

10 Қараша 2022, 17:16 1142

Ұлттық банктің 10 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 58 теңге

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3, 69 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 469, 42 теңге. Ұлттық банктің 10 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 58 теңге.

 Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 468 теңге, сатып алу – 472 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 469, 5 теңгеден болса, сатып алу құны – 471 теңге. Ресей рублі 7,33 - 7, 36 теңге аралығында саудаланып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: