Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

15 Қараша 2022, 17:13 1006

Ұлттық банктің 15 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 459, 74 теңге

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1, 10 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 460, 99 теңге.

Ұлттық банктің 15 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 459, 74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункіттерінде доллардың сату бағамы – 462 теңге, сатып алу – 467 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463, 5 теңгеден болса, сатып алу құны – 465,5 теңге.

Ресей рублі 7,37 - 7, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: