Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады

28 Қараша 2022, 16:28 1379

Ресей рублі 7,37 - 7, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, 1 АҚШ долларының құны 2,57 теңгеге қымбаттап, орташа 467, 99 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 28 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 38 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 466 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 469 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 467 теңге, сатып алу – 470 теңге.

Ресей рублі 7,37 - 7, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: