Қор нарығында доллар бағасы өсті

8 Қыркүйек 2023, 17:51 930

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,70 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 466,29 теңге. Ұлттық банктің 8 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 464,48 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,72 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 463,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 467 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 465 теңге, сатып алу құны– 469 теңге. Ресей рублі 4,74 – 4,84 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: