Өзбек боксшысы Баходир Жалолов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына мерзімінен бұрын шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
92 келіде өнер көрсететін Жалолов кешкі сессияда өтетін жартылай финалда Испания өкілі Айюб Эль-Ассауимен жұдырық түйістіруі керек болатын, алайда шаршы алаң иесі айқассыз-ақ финалға өтті. Себебі қарсыласы кездесуге шығудан бас тартқан.
Бұл салмақта екінші жартылай финалдық жекпе-жек Алехандро Лопес (Куба) пен Махаммад Абдуллаев (Әзербайжан) арасында өтеді.
Ширек финалда Баходир Жалолов қазақ боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевты жеңген болатын.