«Қоңқабаевқа қамшыдай жылдам қимылдау керек»: Ділдәбеков Жалоловты қалай жеңуге болатынын айтты

6 Қазан 2023, 11:28 938

Бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков «BEREN LIVE» YouTube арнасына берген сұхбатында ізбасары, құрамадағы ауыр салмақ өкілі Қамшыбек Қоңқабаев өзбек қарсыласы Баходир Жалоловты қайтсе жеңетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осындай кезде біздің заманда бокстасқанда не болар еді деп ойлаймын. Алексис Рубалькабалар келіп қалса не болатын еді, Жалоловтармен жұдырықтаса алмай жүр. Жалолов керемет боксшы емес. Оның боксы Кличконың боксына ұқсайды, түртіп бокстасатынын білесіз ғой. Ондайларды жақсылап есеңгірету керек. Соған дайындау керек. Жалоловтың бойы ұзын, ал ұзын жігіттер жылдам қозғала алмайды. Сондықтан біздің Қоңқабаевқа қамшыдай жылдам қимылдап, сабау керек, болды. Ауыр салмақта жеңу үшін бір тәсіл қолданасың, біз, мысалы, тәжірибемен, нокаутпен емес, жылдамдықпен жеңдік, – деді Ділдәбеков.

Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев өзбек қарсыласы Боходир Жалоловқа финалда тағы есе жіберді. Дегенмен жерлесіміз байырғы қарсыласын Париж олимпиадасында жеңемін деп отыр

Осылайша боксшыларымыз Азиаданы алтын медальсіз аяқтады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: