«Қонақүйге апарған». Қыз зорлады деген бапкерге қатысты балалар омбудсмені пікір білдірді

3 Қыркүйек, 14:00 1550

Павлодар облысы бойынша балалар құқығы жөніндегі уәкіл футбол жаттықтырушысы 10 жасар қызды зорлады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова жәбірленушінің анасына хабарласып, баланың жағдайын сұрағанын мәлімдеді,

Полиция қызметкерлерінің әрекеті құрметке лайық, қыздың анасы риза. Полицейлер жедел әрі сауатты, мүмкіндігінше дұрыс әрекет етті дейді . Мен өз тарапымнан анасына 10 жасар қызының қорықпай, бәрін айтып, сол арқылы бір емес, бірнеше баланы аман алып қалған қылығына таңданысымды білдірдім! Мен үшін бұл – ерлік! Мұндай батырлық кез келген ересек адамның қолынан келе бермейді! Сондай-ақ көпбалалы анаға қызына берген тәрбиесі үшін алғыс айттым. Өйткені ата-ана өздеріне деген сенім деңгейін қалыптастырған, соның арқасында балалар отбасында өзін қауіпсіз сезінеді", – деді Павлодар облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова.

Сараптама тікелей жыныстық қатынас болмағанын көрсетіп отыр. Алайда, ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, өзінің әурет жерлерін ұстатқан. Қызды қонақүйге апарып, содан кейін үйіне апарып тастаған.

Бапкер қазір қамауға алынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: