Қонаевта қоғамдық көлікте жолаушылар бірін-бірі пышақтап тастады

31 Шілде, 11:34 2129

Қонаевта автобуста жолаушылар арасында жанжал туындап, соңы пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған видеоның бірінде қан-жоса болған адамды көрруге болады. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мойнынан жарақат алған.

Қонаев қаласының полициясы шабуыл жасаған адам ұсталғанын хабарлады.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қонаев қалалық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстап, полицияға жеткізді, ол қоғамдық көлікте 41 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салды. Полицияда кісі өлтіруге оқталу дерегі тіркелді, - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: