Қонаевта 70 жастағы қария бата беріп, өз таңдауын жасады

6 Қазан, 08:00 293

Тұрыспек Доспанбетов қаладағы №949 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, учаскеде қызмет етіп жүрген жандарға, тұрғындарға батасын берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қария 1955 жылы Іле ауылында дүниеге келген. Кейіннен Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Қапшағай қаласында 17 жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Одан бөлек, облыста бірнеше лауазымдарда болған. 

Ол 2015 жылы Қапшағай қаласының Құрметті азаматы атағын алған. Ал 2020 жылы «Қапшағай қаласына 50 жыл» арнайы төсбелгісімен марапатталған. Бүгінде қария Ақсақалдар кеңесінің белді мүшесі ретінде қоғам өміріне белсенді қатысып жүр. 

Қонаев қаласы атамыздың көз алдында өсіп, дамыған. Сондықтан кез келген сайлау, референдумға қатысу Тұрыспек Доспанбетов үшін маңызды шараның бірі. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: