Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары пәтерде қамалып қалған балаға аман құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Қонаев қаласының көп қабатты пәтерлердің бірінде орын алған. Шақырту орнына дереу келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері төртінші қабаттағы пәтерге үш иінді баспалдақтың көмегімен кірді.
2021 жылы туған қыз бала аман есен ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады, - деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.