«Қонаев – ғасыр адамы» атты мәдени-танымдық шара өтті

12 Қаңтар, 23:02 984

Түркістандағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Қонаев – ғасыр адамы» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті. Аталған жиын халқымыздың біртуар перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға кемеңгер тұлғаны көрген, естіген, білген ардагерлермен бірге, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты. Шарада алдымен ұлы тұлға жайлы бейнематериал көрсетілді. 

Оқи отырыңыз: 

Үлкен мәдениеттің, терең білімнің иесі Дінмұхаммед Ахметұлы шығармашылық адамдарын қатты қадірлеген және өзі де оларға аса қадірлі болған. Сондай ұлы өнердің бірі композитор Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін, қазақтың күй өнерін өте жақсы тыңдағаны бұл шараға арқау болып, күмбірлеген күй орындалды. Мәдениет үйінің әртістері «Ясауи мен Қонаев, Ұлы бабалар» атты көріністі сомдады. Ал айтыскер ақын Тұрар Тілеулі ерекше арнауымен дүйім жұртты таңдандырды. Бишілер мың бұрала билеп, әуезді әндер шырқалды. Тұлға жайлы ерекше көрме жасақталды.

Айта кетсек, бүгінде Қазақстанның әр қаласында Қонаевтың атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғары оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та өсіп келеді. 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: