Қолжетімді баспана: Шымкентте Qamqor бағдарламасы басталады

15 Тамыз 2023, 07:12 1774

Бүгін, 15 тамызда, Шымкентте «Қамқор» бағдарламасы басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, өтінімдерді қабылдау сағат 11:00 (Астана уақыты бойынша) otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүргізіледі.

Әкімдік бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналғанын еске салды.

Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады, - делінген мәліметте.

Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі.

Qamqor бағдарламасының артықшылықтары:

1. 20 000 000 теңгеге дейінгі заем.
2. Бірегей пайыздық мөлшерлеме -5%* (ЖТСМ-5,2%) – артық төлемсіз оңай бастау.
3. 10% бастапқы жарна
4. Несие мерзімі 25 жылға дейін.

Бағдарламаға қалай және кім қатыса алады?

-63 жасқа дейін азаматтар(ша)
-Соңғы 5 жылдағы жылжымайтын мүліктің жоқтығы
-Шымкент қаласында кемінде 3 жыл тұрақты
-Қаланың түрлі салаларындағы еңбек қызметі-журналистер, дәрігерлер, білім, мәдениет, спорт, энергетика және тағы басқалар!

Қатысушыларды іріктеу қалай өтеді?

-Сіздің қатысуыңыз ұпай жүйесі бойынша бағаланады:
- 35 жасқа дейінгі жастарға -5 ұпайы.
- Жұмыс өтіліне – 5 ұпайдан бастаңыз, жыл сайын – жаңа балл!
- Отбасылық жағдайы - некеде 5 балл, жыл сайын қосымша 2 балл.
- 18 жасқа дейінгі балалар-сіздің әр балаңыз 1-2 ұпай қосады.
- ЖАО кезекте тұрушы болсаңыз -сізге 10 ұпай беріледі.
- Банк салымшысы болсаңыз - сіздің қаржылық жауапкершілігіңіз үшін 2 балл.
- Шымкентте тіркелу 5 балл болып есептеледі!

Берік Арманов
Бөлісу: