Қоғамда сынға ұшыраған зауыт бәрібір де салына ма?

13 Сәуір 2023, 13:03 758

Қалдықтарды басқару мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошурбаев қоқысты өртейтін зауыттың қашан салынатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл бастаманы жүзеге асыруда қиындық туып тұр екен. 
2015 жылы күзде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 6 өңірде қоқыс өртейтін зауыт салу туралы бастама көтерді. Қоғам белсенділері мен экологтар бұл бастаманы қолдамайтындарын айтты. Олардың пікірінше, қоқысты өртеп, одан шыққан түтінмен қоршаған ортаны ластағаннан гөрі дамыған елдер қолданып отырған қоқыс өңдеу технологиясын қолданған тиімдірек. Бірқатар қарсылыққа тап болған бастама аяқсыз қалған еді. 

Қоқысты өртейтін алты зауыт салынуы керек еді. Тендерді жеңіп алып, жүзеге асыруы тиіс болған компанияның жұмысы тоқтатылды. Белсенді топтардың тарапынан сұрақ туындады. Қоқысты өртеу зауытын салу қоқыс өңдеуде біз қолданып отырған жалғыз механизм емес. Біз оны басқа жаңа технология мүмкіндік беріп отырған тәсілдермен қатар қолданып отырмыз. Уақыт бір орында тұрған жоқ. Еуропада басқа да әдістер қолданылып жатыр,- Мансұр Ошурбаев.

Ол жақында ғана басқа технологиямен қоқыс сұрыптайтын инвестор келді деп айтты. Қазір соны қарастырып жатыр екен. Қоқыс өртейтін зауытты мүлдем салмаймыз деп айта алмаймыз.

Бір өңір таңдалып салынады. Ол жергілікті атқарушы органдармен келісіп жасалады. Басқа технологиялар қолданылуы мүмкін. Үш өңірде үш түрлі механизмді қолдануымыз мүмкін. Қайсысы жақсы нәтиже береді, соны әрі қарай қолданатын боламыз, - деді департамент директоры.

 

 

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: