ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин №393-ші сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Цифрлық құжаттарымды көрсетіп, дауыс беруге келдім. Бұл да цифрлық жүйенің дамығандығының көрінісі. Сайлауға түсіп жатқан депутаттардың тізіміне қарасақ, өте көп. Әрине, бүкіл процестен өту үшін де батылдық керек. Комиссия мүшелеріне алғысымды айтамын, - деді ол.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері министрден сайлаудан қоғамда қандай өзгеріс күтетінін сұрады.
Бұл сайлауды Президент өз Жолдауында жариялаған күрделі саяси экономикалық реформаның негізгі бастамасы деп есептеймін. Адамдар өзгермей, Қазақстан ешқашан өзгермейді. Қаншама азаматтар сайлауға өз кандидатурасын жариялады. Бұған да батылдық керек. Бұл еліне, жеріне жаны ашу деп ойлаймын, - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.