ҚМДБ шегірткенің халал екенін мәлімдеді

6 Маусым, 18:14 844

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің сөзінен кейін шегірткенің халал өнім екендігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Айта кетсек, 5 маусымда Мәжілісте Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы күрес туралы айтқан болатын. Ол кейбір елдер «оны өндіруді және одан керемет ақуыз тағамдарын дайындауды үйренгенін», шегірткенің шын мәнінде халал өнім екендігін атап өтті.

Осыған байланысты Factcheck.kz редакциясы шегірткенің халал өнім екендігі рас-өтірігін анықтау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хабарласқан.

Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Factcheck.kz-пен телефон арқылы сөйлесті. Ол шариғат бойынша шегіртке шынымен халал болып саналатындығын айтты. Оның айтуынша, ҚМДБ ұстанатын ханафи масхабында, Мұхаммед пайғамбардың хадистерінің бірінде өліктің екі түрін – балық пен шегірткені тұтынуға рұқсат етілгені анық, – делінген ақпаратта.

Елбек Тасболатұлы «халал мәртебесінің» жұрттың өнімді тұтынуға міндетті екенін білдірмейтінін де атап өтті. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: