Freedom QJ League жасөспірімдер футбол лигасы «Қазақстан халқына» қорына 5 500 000 теңгеден астам қаражат аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі.
Лига су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдау акциясын бастады. QJ League бірінші және екінші турындағы әрбір матчқа келген көрермен үшін қайырымдылыққа 100 теңгеден жинады. Екі турды 5 284 көрермен тамашалады.
Сондай-ақ, Лига «Тараз» және «Астана» командалары арасындағы ашылу матчына сатылған билеттер үшін барлық ақшаны қорға аударды. Ойынға шамамен 10 000 билет сатылды.
Қайырымдылық жалпы сомасы 5 528 400 теңгені құрады. Барлық жиналған қаражат апаттан зардап шеккен өңірлерде үйлер салуға бағытталатын болады.