ҚХП халықтың құқығын қорғайды - Оксана Әубәкірова

16 Наурыз 2023, 21:35 932

Қазақстан халық партиясының мүшесі Оксана Әубәкірова партияның атқарған істері туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Осыдан дәл бір жыл бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жолдауын айтқан болатын. Ол өз жолдауында политикалық реформа жөніндегі жоспарын жариялады. Оның ішінде конституциялық сот және адамның құқықтары жөніндегі заң күшейді. Политикалық партиялар жөніндегі бірқатар заңдылықтарды өзгертті. Партиясыз азаматтарға конституциялық құқығын қорғай отырып, бірмандатты округ бойынша мәслихат және мәжіліс депутаттығы сайлауына қатысуға болатыны айтылды. Бастапқыда сене алмадық, дегенмен саяси жүйені өзгертуге болатынына көз жеткіздік. Қазақстан халық партиясы халықтың құқығын, көп балалы аналар, балалар мен жас отбасыларды қорғайды. Бұл партия шахтерлардың партиясы. Біздің артымызда мыңдаған еңбек адамы тұр. Жер бойынша өзгеріс енгізуге ұйытқы болған, әйелдермен бірге митингке шығып жүрген және ел бойынша балаларды ақысыз үйірмеге қатысуға мүмкіндік берген «ARTSPORT» жобасы бойынша күресіп жүрген ол – Халық партиясы. Біз ауылды дамыту, қандастарды отанға көшіру бағдарламаларын әзірледік. Стратегиялық салаларды мемлекетке қайтаруды қалаймыз», - деді Қазақстан халық партиясының мүшесі Оксана Әубәкірова.

Миражан Махан
Бөлісу: