Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында ресейлік хоккейшілер жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді.
Ойынның 8-минутында ресейлік клубтан Павел Корнаухов мергендік танытты.
Ал 35-минутта Михаил Григоренко, 44-минутта Даррен Диц, Константин Окулов 56-минутта есепті үстемелей түсті.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.
Салдарынан қатарынан төртінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татып отыр.
Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті. Оның 10-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.